26 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жекелей және жұптық сынының финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елорда уақытымен 12:00-де жұптық сын жеңімпазы анықталады. Финалда мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андрес Мольтени жұбы израильдік Джонатан Эрлих пен беларусьтік Андрей Василевский жұбына қарсы тұрады.

ларуси.

Ал 14:30-де жекелей сынның финалдық матч өтеді. Ақтық бәсекеде оңтүстік кореялық Квон Сун Ву мен аустралиялық Джеймс Дакворт кездеседі.