Қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы (11-2-1) Мәскеудегі Absolute Championship Akhmat 129 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бақытжанұлы бразилиялық Леонардо Силвамен (17-5) кездесті. Жекпе-жек екінші раундта бразилиялық файтердің нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Асылжан Бақытжанұлы карьерасында үшінші рет жеңілді.