Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Oren ATP 250 турниріндегі алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді.

- Екінші париияда ойын мәнерін өзгертіп, жеңіске жете алдыңыз...

- Әрине, оның бәрі допты ойынға қосудың артықшылығы есебінен болды. Бұл менің ойындағы басты артықшылығым. Мен қандай жеңіске жетсем де, қандай нәтиже көрсетсем де, соның арқасында...

- Жұптық кездесуіңіз туралы не айта аласыз?

- Жақсы матч болды деп ойлаймын. Менің серіктесім жақсы ойын көрсетті. Біз жеңіске бір қадам қалдық. Әрине, осындай деңгейде ойнайтын ойыншы ретінде адамға өзін жоғары деңгейде көрсетуге көмектесу өте жағымды. Ол мұндай деңгейдегі турнирлерде жиі ойнамайды. Федерация бізге wild card берді, ол үшін көп рахмет айтамыз.

- Бүгін трибунада жанкүйерлер көп болды, олардың қолдауы сізге көмектесті ме?

- Иә, әрине! Мен бүгін жеңісімді барлық қазақстандықтарға арнаймын, келесі кездесуіме келіңіздер. Мен сіздерді күтемін.