24 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 129 турнирінде үш қазақстандық файтер жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Аса жеңіл салмақта Қаршыға Дәуітбек ресейлік файтер Валодей Айвазянмен (5-2) жұдырықтасса, жартылай жеңіл салмақта Нұрсұлтан Қасымханов ресейлік Алексей Полпудниковпен кездеседі.

Ал жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Асылжан Бақытжанұлы (11-2) бразилиялық Леонардо Силвамен қолғап түйістіреді.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік файтерлер Рашид Магомедов пен Александр Сарнавского кездеседі.

АСА 129 турнирінің тікелей трансялциясын мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыз.