Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Ресей чемпионатының жоғарғы лигасына қатысады.

Самарада (Ресей) регбиден ерлер командалары арасында Ресей чемпионатының жоғарғы лигасы өтеді. Қазақстан құрамасы аталған додаға арнайы шақыртумен қатысады.

25 қыркүйек басталатын байрақты бәсекенеің алғашқы кезеңіне барлығы 16 команда қатысады.

Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы С тобына түскен және алғашқы кездесуін Ресейдің Щелково қаласының командасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ, отандастарымыз бір топта «Витязь» (Пермь) және «Химик» (Дзержинск) ойыншыларымен де кездеседі.