Данил Анкудинов ресейлік «Родины-2» командасы сапындағы алғашқы матчын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Қарағанды ​​қаласының тумасы ФНЛ-2 чемпионатында бақ сынайтын «Родина» (Мәскеу) командасына ауысты. 18 жастағы отандасымыз жаңа командасында 28-нөмірмен өнер көрсетеді.

22 қыркүйекте Анкудинов «Родины-2» сапында мәскеулік «Локомотивке» қарсы матчта алаңға шықты.

Орталық шабуылшы алаңда 70 минут өнер көрсетіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Данил Қазақстанда туған, кішкене кезінде отбасымен Испанияға қоныс аударған. Аталған елде ол «Марсет» (Барселона) және «Касабланка» (Сарагоса) командаларында доп тепті.

17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы сапында 6 ресми кездесуге қатысып, 2 гол соқты. Ал үш жолдастық ойында үш рет мергендік танытты.