Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері Афинада (Греция) өтетін «Афродита кубогында» өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosport.kz.

24-26 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық турнирге Қазақстаннан төрт спортшы – Айбота Ертайқызы, Дильназ Байленова, Баян Қойбағар, Сабина Бақатова, Елжана Таниева қатысады.

Спортшыларды жаттықтырушылары – Яна Аринцева, Светлана Красникова, Екатерина Панченко.

Айта кетейік, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева мансабын аяқтағанынын хабарлаған болатынбыз.