1 сағат 1 минутқа созылған ауыр кездесуде 23 жастағы Ломакин 25 жастағы швед Элиас Имерден 3:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Қазақстандық төрт рет эйс жасап, бірде-бір қосарланған қателік жасамады. Теміртау қаласының тұрғыны үшін дәл осы ойын ATP сериялы турнирдегі дебюттік кездесу болды. «Мен ATP турниріндегі дебюттік матчта жеңіліп қалғаныма қапалымын, бірақ бар күшімді салып, әр сәтте барымды бердім. Ойын мен ойлағандай болмады», - деді Ломакин матчтан кейін.