Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің соңғы матчында Венесуэламен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қазақстандықтар сапынан Дуглас гол салып, есеп ашқан. Бұл есеп ойын бойы сақталып тұрды. Тек кездесудің аяқталуына 11 секунд қалғанда Венесуэла құрамасы таразы басын теңестіріп кетті.

Осы матчтан кейін 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы топтан бірінші орынмен шықты. Дәл осынша ұпайы бар Венесуэла екінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды.

Әлем чемпионаты. А тобы. 3-тур.

Венесуэла – Қазақстан – 1:1 (0:1)

Голдар: Дуглас 5 (0:1), Видаль 40