Кирилл Герасименко Қарағандыда өтіп жатқан “2021 ITTF Kazakhstan International Open” халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

¼ айналымда Кирилл австриялық Александр Ченге қарсы ойнаған болатын.

Қазақстандық спортшы қарсыласын аса қиындықсыз, 4:0 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Герасименко Сауд Арабиясының өкілі Әл-Джадай Наифке қарсы ойнайды.