Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек жаңа бапкерінің есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зәуірбектің бапкері Дэвид Колдуэлл болады, ол бұрын әлемнің экс-чемпионы Тони Белльюді жаттықтырған.

«Англияға аман-есен жетіп, жаттығуға кірістім. Жаңа бапкерім Дэвид Колдуэллмен таныстырамын. Бізді көп жұмыс күтіп тұр!», - деп жазды боксшы Инстаграмда.