16 қыркүйекте Барнаулда (Алтай өлкесі, Ресей) Sibir Boxing Promotion компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында қазақстандық Ернар Ерназарұлы (1-2, 1 КО) өнер көрсетті.

Рингте Ернар ресейлік Владимир Калашниковпен (1-0) кездесті. Екінші орта салмақ дережесіндегі жекпе-жек 4 раундта есептелген, бірақ үшінші раундта Калашников техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Ерназарұлы мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.