Түркияның Стамбул қаласында G-1 дірежсіндегі 6-шы WT Президентінің кубогы – Еуропа халықаралық турнирінің бірінші күні аяқталды.
Қазақстандық таеквондошылар екі медаль ұтып алды.
Ел құрамасының спортшысы Джансель Дениз (73 келіге дейін) жарыстың «алтынына» қол жеткізді. Ол финалда Германия өкілін 14:3 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұл Джансель үшін Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық турнир.
Самирхон Әбубәкіров (54 келіге дейін) жартылай финалда ресейлік Мақсуд Дадашовтан 12:15 есебімен ұтылып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Комментарии