Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Ел құрамасы 6 қыркүйектен бастап Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдауда.

Дайынықтарын пысықтап жатқан спортшылар қатарында Абиба Абужақынова, Нұрсұлу Ералиева, Севара Нишанбаеа, Иоланта Бердібекова, Мөлдір Нарынова, Зере Бектасқызы, Назерке Тілеуханова, Камила Берліқаш бар.

Жоспар бойынша, әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 24 қыркүйекке дейін жалғасады.