16 қыркүйекте нұр-сұлтандық «Барыс» ригалық «Динамомен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команда да бұл матчқа көтеріңді көңіл-күймен келеді – екі күн бұрын ригалықтар өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» (2:1) жеңсе, астаналықтар Мәскеуде ЦСКА-дан (6:3) басым түскен.

Соған қарамастан екі клубқа да турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту қажет, сондықтан бұл ойында ешкім оңайлықпен ұпай бере қоймайды.

«Динамо» (Рига) – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 22:20-да басталады және оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото hcbarys.kz