Бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров Ресей азаматтығын алмақ. Бұл туралы «Ушатайка: Спорт-Экспресс» Youtube-каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канал жүргізушісі боксшыға бес жыл бұрын Ресей азаматтығын алғысы келгенін еске салды.

«Иә, азаматтық алғым келеді. Бірақ қазір оны қалай жақсырақ жасау керегін білмеймін», - деді Жиров.

Жиров 1974 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Балқаш қаласында туған. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында алтын медаль алған. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған.