«Қайрат-Мәскеу» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Олег Недашковский ФҰЛ-2 10-туры аясында өткен «Читаға» (1:1) қарсы матч туралы пікірін айтып, команданың мақсатын айқындады.

– Ойын ауыр өтті. Сырт алаңдағы қиын ойындардың бірі болды. Ұзақ жол да әсер етті. Жігіттерге жанкештілігі үшін рахметімді айтамын.

Командамыздың алдына ФҰЛ-ға шығу деген мақсат қойылды. Біз тек жоғары мақсаттар мен міндеттерді орындағымыз келеді, - деді маман.