Белградта (Сербия) U15 Дүниежүзілік мектеп ойындарының аясындағы таеквондо (WT) жарыстары аяқталды.

Екінші күннің нәтижелері бойынша қазақстандық таеквондошылар ұлттық құраманың қоржынына тағы алты медаль әкелді.

Аяулым Сапаралиева (37 келіге дейін) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ақтық сайыста ол ресейлік София Корнееваға есе жіберді.

Ұлдар арасында Әлихан Шашубай (37 келіге дейін), Ахметхан Әбілқасым (41 келіге дейін), қыздар арасында Асылжан Қапашева (41 келіге дейін), Балнұр Қаумбай (51 келіге дейін) және Мейрамгүл Мәдіханқызы (55 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.