«Челси» жартылай қорғаушы Мейсон Маунтқа жаңа келісімшарт ұсынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген. Жаңа келісім бойынша футболшы аптасына 175 мың фунт алады.

Маунт - «ақсүйектердің» түлегі. Осы маусымда 22 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 4 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.