Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Порторозда (Словения) WTA 250 сериялы турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева румын спортшысы Жаклин Кристианды 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия Путинцева британдық теннисші Кэти Бултермен ойнайды.
Комментарии