14 қыркүйекте «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы ойынын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың кездекті қарсыласы - ЦСКА.

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы төрт ойында екі ұпай ғана жинады. Турнирлік кестедегі орнын жақсарту үшін қазақстандық командаға әрбір ұпай маңызды.

ЦСКА – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.