WTA-ның 2021 жылғы соңғы чемпионаты Гвадалахара қаласында (Мексика) өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz wtatennis.com сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 8 қарашада басталады. Өткен және ағымдағы маусымда турнир Шэньчжэньде (Қытай) өтуі керек еді. 2020 жылы WTA финалы коронавирус пандемиясы кесірінен Қытайдан Мексикаға ауыстырылды..

WTA басшылығы WTA финалдық чемпионаты бұрын жоспарланғандай 2022 жылдан 2030 жылға дейін Шэньчжэньде өтеді деп мәлімдеді.