Қазақстандық «Астана» велокомандасы «Словакия туры» жарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Веложарыс 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Команда құрамы: Глеб Брусенский, Алексей Луценко, Евгений Гидич, Фабио Феллине, Давиде Мартинелли, Йонас Грегаард Вилсли, Бенжамин Перри.

Спорт директоры: Сергей Яковлев.