17 қыркүйек күні Алматыда OCTAGON 23 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында қазақстандық файтер Дархан Сқақов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы өзбекстандық Шохрух Уролов болады. Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде (56,7 келі) өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Денис Муцнек (12-9) пен тәжікстандық Фарход Давлятов (4-0) кездеседі. Бұл жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 кг) OCTAGON лигасының вакантты белдігі сарапқа салынады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.