Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Қазақстан құрамасы Ресейде жазғы Гран-при кезеңіне қатысты. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан сапынан қос атлет жарыстың финалында бақ сынады. HS-140 санаты бойынша Сергей Ткаченко 128.7 көрсеткішімен 26-шы, ал Сабыржан Муминов 55.9 ұпаймен 33-ші орынға жайғасты.

Ал микс бойынша Қазақстан үздік ондыққа енді. Ел құрамасынан аталған санатта Валентина Сдержикова, Сабыржан Муминов, Вероника Шишкина және Данил Васильев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша команда 177.3 ұпай жинады.