Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия біріншілігі басталды.

Топтағы бірінші ойында Қазақстан командасы Қытайлық Тайпейге есе жіберді. Қазақстандықтар 0:3 (20:25,22:25,19:25) есебімен ұтылған.

Құрлық додасында Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей және Сауд Арабиясымен бірге D тобында сынға түсуде.

Волейболдан Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өтеді.