Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдегі бірінші ойында Қазақстан құрамасы Коста-Рикамен кездеседі.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын QazSport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Футзалдан әлем чемпионаты Литвада 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Коста-Рикадан бөлек Литва және Венесуэламен кездеседі.