Фируза Шәріпова 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Кездесу 61,235 келіге дейінгі салмақта өтеді. Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шәріпова бұл салмақтың лимитінен аспады. Ал оның қарсыласы ресейлік Любовь Белякова 400 граммға ауыр болды. Бірақ екі тарап келісіп, қосымша санкциялардан бас тартты.