Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» Ресейдің «Спартагымен» кездеседі.

Матч елорда уақытымен 17.00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Екі команда осыған дейін 24 мәрте кездескен. Оның 16 ойынында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған 8 матчта ресейлік ұжым басым болған.