Париждік клубтың ресми сайтының хабарлауынша, 35 жастағы испан қорғаушысы жарақат алды.

Рамос ПСЖ сапындағы алғашқы матчын осы аптада өткізе алмайды. Париждіктер «Клермон» командасымен кездеседі. Ол келесі аптада жаттығуға оралады.

Еске салайық, Рамос ПСЖ-ға жазғы трансферлік кезеңде «Реал Мадридтен» еркін агент ретінде ауысқан болатын. Клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт 2023 жылдың маусым айына дейін жарамды.