Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады.