Мәскеулік «Динамо» шабуылшысы Оскар Линдберг ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы «Авангардқа» қарсы матчта иығын қатты жарақатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хоккей без зрителей» телеграм-каналына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, швециялық форвардтың айығуы үштен алты айға дейін созылуы мүмкін.

«Барыс» - «Динамо» матчы 1 қазанда өтеді. Оскар Линдберг бұл уақытқа дейін айығып үлгермейді.

Фото: Simon Hasteg / Keystone Press Agency / Global Look Press