10 қыркүйекте Екатеринбургтегі (Ресей) бокс кеші алдында спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге RCC Boxing Promotions компаниясының өкілі, қазақстандық Станислав Калицкий (11-1, 4 КО) жекпе-жек өткізеді. Калицкий ресейлік Руслан Камиловпен (10-0-1, 5 КО) жұдырықтасып, WBO Inter-Continental чемпионы титулын сарапқа салады.

Екі боксшы да салмақ өлшеу рәсіміне қатысты:58,74кг – Станислав Калицкий58,86 кг – Руслан КамиловЕске салайық, турнир 11 қыркүйекте елорда уақытымен 19:00-де басталады.