«Қайрат-Мәскеу» командасы Түркияда ойнайтын қазақстандық футболшыны қатарына қосты. Бұл туралы FеnerEpik телеарнасының Twitter-дегі парақшасы хабарлады.

«Фенербахченің» жастар командасында ойнайтын Микаэль Аскаров мансабын «Қайрат-Мәскеу» клубында жалғастырады.

Айта кетейік, Микаэль Аскаров түркиялық команданың жастар сапында ойнаған. Негізгі команда жейдесінде жолдастық матчтарда алаңға шыққан.