Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі М13 баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның қарсыласы тай боксынан Украинаның бірнеше дүркін чемпионы Любовь Белякова болады.

Бұл кешті Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасында елорда уақытында 16:00-де басталады.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы мен гайаналық Леннокс Аллен жұдырықтасады.