Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» өз айдынында хабаровскілік «Амурді» қабылдаған. Матч 3:2 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші кезеңде Кертис Волк пен Әлихан Әсетов шайба салса, алғашқы үзілістен кейін Аркадий Шестаков есепті еселеді.

Кейін қонақтар есеп айырмасын қысқарта алды. Алдымен Глеб Зырянов көзге түссе, кейін Владимир Галузин қанжығасын майлады. Бірақ ресейлік клуб есепті теңестіре алмады.

Енді «Барыс» 11 қыркүйекте «Спартакты» қабылдайды.

«Барыс» - «Амур» 3:2

Шайбалар:

1:0 - Волк (Михайлис) - 1:04

2:0 - Әсетов (Гурков) - 5:01

3:0 - Шестаков (Савицкий) - 22:40

3:1 - Зырянов - 22:57

3:2 - Галузин - 59:04

Қақпашылар: Ортио Йони - Бартошак