Қазақстан теннис федерациясы құрама капитаны Ярослава Шведова карьерасын аяқтайтынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол әлі ресми түрде карьерасын аяқтаған жоқ, себебі қыркүйекте Астана Оупен WTA250 турнирінде өнер көрсетеді. ҚТФ ресми хабарын күтіңіздер», – деді Prosports.kz сауалына Қазақстан теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.

Ярослава Шведова карьерасын аяқтағанын ресейлік Gotennis.ru порталы хабарлаған болатын.

Фото ktf.kz