Татарстанның Қазан қаласында ТМД ойындары жалғасуда. Қазақстандық мергендер нысана көздеуден қоржынға бірнеше медаль салды деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, 50 метрге нысана көздеуден Арина Алтухова алтын, Ирина Безрукова күміс медаль иеленді.

Никита Чирюкин пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден жеңістің екінші тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін Ирина Локтионова алтын жүлдегер атанды. Ол пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден топ жарған.