Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Словенияда өткен турнирде қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Үстел теннисінен халықаралық жарыс Словенияның Оточец қаласында өткен болатын. Турнирге Еуропа, Азия, Американың 20 мемлекетінен спортшылар келді.

15 жастағы қазақстандық теннисші, ел чемпионы Алан Құрманғалиев үздік үштікке еніп, қола медаль ұтып алды. Ол алты кездесудің бесеуінде жеңіске жеткен.