Чолпон-Атада Қырғызстан Республикасының футзал қауымдастығының халықаралық кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Prosports.kg хабарлағандай, барлық матчтар «Газпром» ФОК (Чолпон-Ата) аренасында 8-12 қыркүйек аралығында өтеді.

Турнирге Қырғызстан мен Қазақстан чемпионаттарының Жоғары лигасының 8 командасы қатысады.

Қазақстан атынан ақтаулық «Каспий» мен ақтөбелік «Рахмет» командасы қатысады.