Бокстан күні кеше ұлттық құраманың бас бапкерлігіне тағайындалған Қайрат Сәтжанов өз жоспарларымен бөлісті.

Алдымен Ақтауда өтетін халықаралық турнирге, одан кейін қазан айының соңында әлем чемпионатына баратындарын айтты. Бұл жарыстарға Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар.

«Жастардың бабын бақылаймыз», – дейді бас бапкер. «Алдағы олимпиадада кемінде 3-4 алтын алып, жалпы есепте топ бастау қажет». Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж олимпиадасының жалпыкомандалық есебінде бірінші орын алу деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов бұған дейін бокстан еліміздің жасөспірімдер және жастар құрамасын жаттықтырды. Енді ересектер құрамасының тізгінін алып отыр. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарған. Ол өз еркімен қыметінен кетті.