BookmakeRReview.kz мәліметінше, Асхат Әлжақсин елордалық «Нұр-Сұлтан» футзал клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Владимир Кравченконың орнына келді. Сонымен қатар, бапкерлік штабтан Нұржан Әбдірәсілов кеткені белгілі болды.

Асхат Әлжақсин - семейлік футболдың түлегі. Футзалда «Цементник» (Семей), «Аят» (Рудный), «Ұшқын Искра» (Астана), «БТА Футзал» (Алматы), «ӨзенМұнайГаз» (Жаңаөзен) және «Ақтөбе» сапында ойнаған. Кейінгі екі жылы «Оқжетпес» МФК бас бапкері болды.