Жеңілісті білмейтін орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Қараша», - деп қысқа ғана жазды боксшы Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе -жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. 28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастыруды бас тартқан американдық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.