Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Ресейге қарсы жолдастық матч өткізді.

Ойын Ресейдің пайдасына 7:4 есебімен аяқталды. Біздің құрама сапынан Оразов, Кнауб және Нұрғожин гол соқты.

Еске салайық, әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан арасында Литвада өтеді. Қазақстан құрамасы 12 қыркүйекте Коста-Рикамен, 15 қыркүйекте Литвамен, ал 18 қыркүйекте Венесуэламен кездеседі.