«Астана» велокомандасы ресейлік шабандоз Александр Власов «Испания Вуэльтасы» көпкүндігін жалғастырмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Үш күн бұрын болған апат пен жарақаты салдарынан медициналық қызмет Александр Власовтың жарысты жалғастыруына тыйым салды. Осылайша, ол бүгін 20-кезеңге шықпайды», – делінген хабарламада.

Александр Власов 17-кезеңде шабандоздар жаппай құлаған кезде жарақат алған болатын.

Фото twitter.com/GettySport