Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі Мұрат Тілешев «Тұран» футбол клубының спорт директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тілешев - Жамбыл футболының тәрбиеленушісі. Ол өз мансабында Қазақстанның 9 клубында ойнады, үш рет (2005, 2008, 2009) жоғарғы дивизионның бомбардирі болды және чемпионат тарихындағы үздік «мергендердің» бірі (148 гол).

Ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2003, 2006, 2009), сонымен қатар Кубок (2000/2001) және Суперкубок (2010) иегері.

Мансабының соңында «Шахтер» мен «Ақтөбеде» спорттық директор болып жұмыс істеді.