Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева сербиялық Никола Качичпен бірге АҚШ ашық чемпионаты жұптық жарысының екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда олар хорват Дарья Юрак пен голландиялық Матве Мидделкопты ұтты. Есеп -6:2, 3:6, 10:8.

Айта кетейік, келесі кезеңде олар чилилік Алекса Гуарачи мен британиялық Нил Скупскимен кездеседі.