Александр Бублик US Open турнирінің екінші айналымында ұтылды.

ATP рейтингісінде 37-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемдегі 184-ші ракеткасы америкалық Джек Сокпен кездесті. Алғашқы төрт сеть тең аяқталды. Шешуші сетте Сок 6:3 есебімен ұтты.

1/16 финалда Сок әлемнің төртінші ракеткасы неміс Александр Зверевпен кездеседі.