Instagram желісіндегі UFC Russia-парақшасы қазақ файтері Дамир Исмағұловтың келесі жекпе-жегінің анонсын жариялады.

Дамир Исмағұлов ресейлік Магомед Мустафаевпен кездеседі. Жекпе-жек Әбу-Дабиде UFC 267 турнирі аясында өтеді. Турнир 30 қазанға жоспарланған.

Исмағұловтың еншісінде ММА-де 23 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Мустафаев 14 рет жеңіп, үш мәрте жеңілген.