Қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) WBA Super, WBO және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносомен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз инстагам желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

31 жастағы Дычко атақты тәлімгермен Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) бірге түскен суретін жариялады.

Айта кетейік, Иван кейінгі жекпе-жегін Алматыда өткізді. Онда ресейлік Денис Бахтовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.